Алдында министр, қазір әкім болдым. Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді
primeminister.kz
Қалай дегенмен де Мемлекет басшысының тапсырмаларын тезірек орындау - басты алғышартымыз - Сапарбаев.
Мемлекет басшысы қабылдады бұл шешімді, енді оны орындау - парыз, деп мәлімдеді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында, деп хабарлайды zakon.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мен Жамбыл облысының Қордай ауданында болған оқиғалар жөніндегі комиссияның басшысы болып қала беремін. Әрі қарай осы бағытта жұмысымды жалғастыра беремін. Ал коронавирус жайына келетін болсақ, оны Үкіметтен басқа адам басшылыққа алатын болады. Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдады, енді мен оны орындауым керек. Алдында министр, қазір әкім болдым, қалай дегенмен де Мемлекет басшысының тапсырмаларын тезірек орындау - басты алғышартымыз, - деді Сапарбаев.
10 ақпанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Асқар Мырзахметов облыс әкімі қызметінен босатылып, оның орнына Бердібек Сапарбаев тағайындалды.
Бұл кезде Бердібек Сапарбаев Қордайдағы қайғылы оқиғаға байланысты құрылған үкіметтік комиссияға бас болып Жамбыл облысында жүрген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript