Илья Ильин алтын медаль ұтып алды

Бұл - Токиодағы Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық жарыс.
Илья Ильин Ташкентте өткен ауыр атлетикадан халықаралық біріншілік аясында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ол екі рет зілтемірді көтеруде 355 (160 + 195) келіні еңсеріп, І-орынға ие болды.
ІІ-орынды Катарлық Фарес Эльба иеленді - 353 (159 + 194) келі. Өзбекстандық ауыр атлет Умарбек Шохназаров қола жүлдеге ие болды. Ол 341 (155 + 186) келіні көтерді.
Халықаралық достастық біріншілігінің лицензиялық мәртебесі бар. Онда спортшылар рейтинг ұпайларын жинай алады, олар Олимпиадаға іріктеу кезінде ескеріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript