Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда биыл 17 инвестициялық жоба іске асады

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 03:34 Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы
Инвестиция көлемін ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастыру мақсатында жыл басынан бері әлемнің 10-нан астам елінен, Ұлыбритания, Қытай, Германия, БАӘ, Швейцария, Италия, Франция, Түркменстан, Ресей және т.б. елдерінен әлеуетті инвесторлар мен кездесулер өткізіліп.

2020 жылы экономиканың түрлі салаларында 111,0 млрд. теңгеге 17 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде, 1200-ден астам жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аймақ тұрғындары алдында есеп беруінде мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылға жоспарланған ең маңызды жобалар бұл:

1.Ақтау қаласы аумағында жылы жағажай ауданында туристік-қонақ үй кешені;

2.Түпқараған ауданында құс фабрикасы;

3.Шағын газ поршенді электр станциялары базасында "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС үшін электр энергиясын өндіру;

4.Полипропилен қаптамасын өндіру;

5.Қант шикізатын қайта өңдеу және оның негізінде қант құмы мен нават өндірісі бойынша шағын зауыты.

"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында 30 мекеме, оның ішінде 1 трансұлттық компанияны (Тенарис) қоса алғанда, шетелдік капиталдың қатысуымен 10 компания тіркелген. Бүгінгі күні аталған аумақта 1500-ден астам жұмыс орны құрылған. 18 кәсіпорын жұмыс істейді.

2019 жылы "Satex Chemie" ЖШС – битум эмульсиясы негізінде гидро оқшаулағыш материалдар өндіру жобасы іске қосылды.

2020 жылға жалпы сомасы 3,9 млрд. теңгеге 247 жаңа жұмыс орнын құрумен 3 жобаны іске қосу жоспарланған. Олар:

1. "Болат құю орталығы" ЖШС болаттан жасалған бұйымдар өндірісі (жоба құны - 871 млн. теңге, 15 жұмыс орны);

2. "PERAPLASTIC SEZ" ЖШС полипропилен қаптамасын өндіру. (жоба құны – 2,8 млрд. теңге, 200 жұмыс орны);

3."Достық-Полимер Плюс" ЖШС полимерлік орам (ыдыс) өндірісі (жоба құны - 295 млн. теңге, 32 жұмыс орны).

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 03:34

Инвестиция көлемін ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастыру мақсатында жыл басынан бері әлемнің 10-нан астам елінен, Ұлыбритания, Қытай, Германия, БАӘ, Швейцария, Италия, Франция, Түркменстан, Ресей және т.б. елдерінен әлеуетті инвесторлар мен кездесулер өткізіліп, онда инвесторлар энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, қалалық инфрақұрылым және т. б. сияқты экономика салаларындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

2019 жылдың 17-18 мамырында "Астана экономикалық форумы" аясында Маңғыстау облысы "Астананың халықаралық қаржы орталығымен" бірлесіп "Global Silk Road Mangystau invest 2019" халықаралық инвестициялық форумын өткізді. Оның барысында Астананың халықаралық қаржы орталығы мен халықаралық құқық қағидаттарында инвесторлармен жұмыс жүргізу бойынша меморандумға қол қойылды.

Форум қорытындысы бойынша инвесторлармен Маңғыстау облысында 2,2 млрд. АҚШ доллар сомаға 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда:

- "Олефиндер мен метанол өндіретін зауыт салу";

- "Логистикалық орталықтың құрылысы";

- "Бескемпір кен орны базасында шойын зауытын салу";

- "Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенін салу".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: