Атырауда ҚАЖД қызметкерлері парамен ұсталды
![ҚР ҰҚК баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 17:53](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-5724a1e8-cf0f-4adf-a9dc-d45b9427fb57/800x452.webp)
ҰҚК департаментінің Атырау облысының прокуратурасымен бірлескен тексеру нәтижелеріне сәйкес бағыныстылардан 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі негізінде Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда.
ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу") сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.