Жаңалықтар тізбегі
0

Тау-кен өндіру секторы мемлекет кірісінің 40%-нан астамын қалыптастырады

FinReview.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 19:14 FinReview.info
Экономиканың қандай секторлары есебінен ЖІӨ өсіміне қол жеткізілді және алдағы бес жылда Қазақстанды қандай экономикалық даму перспективалары күтіп тұр?

2019 жылы Қазақстанның ЖІӨ тұтынушылық нарықтағы сұраныстың артуы, өнеркәсіптік өндірістің өрлеуі және инвестициялық белсенділіктің артуының арқасында 4,5% құрады, деп хабарлайды zakon.kz FinReview.info-ға сілтеме жасап.

Әлемдік экономика соңғы жылдары сауда-саттық «майданының» өршуіне, геосаяси жағдайдың нашарлауына, әлемдік тауар нарығындағы айналымдардың азаюына байланысты сыртқы саяси шиеленістерді бастан кешіруде. Нәтижесінде елдердің экономикалық беталыс қарқынының жаһандық қысқаруы байқалуда. Болжамдарға сүйенсек, Қазақстанның басты сауда серіктестері – Еуропалық Қауымдастық, Қытай және Ресейдің өркендеуінің орташа деңгейі 2018 жылғы 3%-дан 2019 жылы 1,7%-ға төмендеді.

Әлемдегі экономикалық өсімнің төмендегеніне қарамастан Қазақстан экономикасы нығаюын жалғастыруда. Айтып өтсек, бастапқы бағалаулар бойынша 2019 жылы ЖІӨ 4,5% құрады. Бұл ретте ЖІӨ жалпы мәні тоғыз айдың қорытындысы бойынша 44,3 трлн теңгені құрады. Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ осыған ұқсас кезеңде 2018 жылғы 2,2 млн теңгеден 2019 жылы 2,4 млн теңгеге дейін ұлғайды.

Тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың кеңеюі экономика өсімінің негізгі драйверіне айналды. Айталық, әлеуметтік мақсаттардағы шығындардың артуы үй шаруашылықтарының кірісін көбейтіп, нашар қамтылған үй шаруашылықтарының қарыз жүктемесін азайту бағытындағы мемлекеттік қолдаумен қоса алғанда тұтынудың нақсы өсіміне қол жеткізуге көмектесті. Бұл ретте 443 мың азаматтың несиелеріне қызмет көрсету жөніндегі берешектерін сызып тастау және әлеуметтік мақсаттағы шығындарды арттыру арқылы азаматтардың қарыз жүктемесі 2019 жылы ЖІӨ-нің 5% мөлшерінде азайтылды, салыстыра кетсек, 2018 жылы 4,4% болатын. Нәтижесінде 2019 жылдың үшінші тоқсанында үй шаруашылықтарының кірістері 598,9 мың теңгені құрап, бір жыл ішінде 9,8%-ға өсті.

Ұлттық экономиканың тағы бір маңызды факторы елдің инвестициялық саясаты болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынатын инвестициялар 12,7%-ға өсіп, бір жыл ішінде 12,5 трлн теңгені құрап, елге тікелей ағылған шетелдік инвестициялар 2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 4,8%-ға, яғни бір жыл ішінде 18,4 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

Ел экономикасына құйылатын инвестиция ағындарының үлесіне келер болсақ, 1 т.ө. шаққандағы ТШИ өсімі жалпы өнім шығарылымының 0,11 т.ө.артуына алып келеді, ал екі жылдан соң жинақталған тиімділік 0,15 т.ө. жетуі мүмкін. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар әсері екінші тоқсаннан бастап қосымша 0,07 т.ө.түрінде айқын білінеді, ал бір жылдан соң жинақталған тиімділігі 0,10 т.ө. жетуі мүмкін.

Тиісінше Қазақстанның инвестициялық әлеуеті елімізге экономиканың өсу қарқынын үдетуге мүмкіндік береді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы құрылған болатын. АХҚО дамуының тікелей әсері ұзақ мерзімді перспективада көмірсутексіз сыртқы жалпы өнімнің тіпті 2025 жылға дейін 1%-ға дейінгі жыл сайынғы өсіміне немесе ЖІӨ кумулятивтік абсолюттік өсімінің 13,4 млрд АҚШ доллары шамасында өсуіне алып келуі мүмкін. Қосымша әсері тікелей шетелдік инвестициялардың казақстандық капитал нарықтарына құйылуы, экономикалық тиімділігі жоғары жаңа жобаларды іске асыру және еңбек өнімділігін арттыру есебінен ЖІӨ өсімін орташа есеппен жыл сайын 1%-ға қарқындатуға алып келеді. Осылайша АХҚО құрудың жиынтық әсері ЖІӨ-не тікелей немесе жанама ықпал етуді ескергенде шамамен 40 млрд АҚШ долларын құрауы мүмкін. Мысалы, Дубайдағы осы іспеттес орталық (DIFC) он жыл ішінде ЖІӨ-не қосқан үлесін 5,5-тен 12%-ға дейін ұлғайтты.

АХҚО әлемнің 35 еліндегі 350-ден астам компания үшін хаб болып саналады. АХҚО қатысушылары банк ісі, қор нарығы, активтерді басқару, жеке банкинг, исламдық қаржыландыру, несиелік рейтингтерді иемдену қызметі және т.б. осы сияқты экономика секторларында өз қызметін жүзеге асыруда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 19:14

ЖІӨ қалыптастыруда негізгі үлес тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазу-игеру жұмыстарына тиесілі – жалпы көлемінің 15,7%-ын құрайды. Оның үстіне бұл сектордың мемлекет кірістеріне қосатын үлесі 44%-ға жетті. Сондай-ақ салалардың озық «үштігіне» көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу (15,6%) және өңдеу өнеркәсібі (11,7%) кірді. ЖІӨ-ге қосатын үлесі жөнінен үздік 5 саланың тобына көлік және қойма қызметтері (7,7%) және жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар (6,8%) да ілікті.

Өз кезегінде құрылыс саласында да экономиканың жедел дамуы байқалады (бір жыл ішінде +13,5%). Сауда көлемінің көтерме сауда-саттық есебінен 7,6%-ға артқаны белгілі. Ауыл шаруашылығы салаларында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 3,5%-ға артқан. Қызметтер саласындағы өсім 4,4% құрады. Ал өнеркәсіпте -3,3%. Өңдеу өнеркәсібіндегі ең жоғарғы өсімге жеңіл өнеркәсіпте, машина жасауда, сусындар өндірісінде және фармацевтикада қол жеткізілді.

Оның үстіне елде қарқынды жүріп жатқан экономиканы әртараптандыру саясаты Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік берді. Яғни өнеркәсіптік өндірістің ағымдағы бағдары шикізатқа деген тәуелділікті азайтуға және өңдеу технологияларын дамытуға бағытталған. Бұл ретте өнеркәсіптік өндірісті дамытудың маңызды импульсі өнімділігі жоғары және экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркәсібін құруға бағытталған жаңа индустриялық саясатты іске асыру болып табылады. Айталық, индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екі бесжылдығын іске асыру жылдарында өңдеу өнеркәсібіне 7,5 трлн астам теңге тартылды (3 трлн теңге -1-ИИДМБ және 4,5 трлн теңге -2-ИИДМБ). 35 кәсіпорынды жаңғыртудың, экономиканың экспорттық және инновациялық әлеуеті жоғары жаңа бағыттарының және жаңа тауарларының пайда болуының арқасында тиімді базалық индустрия құрылды.

Сондай-ақ индустрияландыру жылдарында 2010 жылдан бастап 2019 жылға дейін бұрын-соңды Қазақстанда өндірілмеген өнімдердің 500 жаңа түрі игерілді. Олардың ішінде: жүк және жолаушылар вагондары, жүк, жеңіл автокөліктер және автобустар, электровоздар, трансформаторлар, жарық-диодты жарықшам, рентген-аппаратура, дәрілік құралдар, т.б. Қазақстанда өндірілген және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке төтеп бере алатын тауарлар саны артты, оның ішінде: бу турбиналары, мыстан жасалған бұйымдар, радиаторлар, аккумуляторлар, сусындар, кондитерлік өнімдер, т.б. бар. Сондай-ақ осы кезеңде металлургияда негізгі металлдарды (мыс, қорғасын, мырыш, т.б.), жартылай дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттарды өндіруден болат тұрбалар, металл құрастырылымдары, рельстер, сымдар сияқты дайын өнімдерге өту жүзеге асырылды. Химия өнеркәсібінде индустрияландыру жылдарында 54 жоба іске қосылып, 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, ал құрылыс материалдарының өндірісі бойынша жалпы сомасы 458,8 млрд теңгені құрайтын 302 жаңа өндіріс пайдалануға енгізілді, 20,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Индустрияландыру бағдарламаларын іске асыру жылдарында отандық кәсіпорындар 163 млрд АҚШ долларын құрайтын өңдеу өнеркәсібі өнімдерін экспортқа шығарған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 19:14

2019 жылы өңдеу өнеркәсібі өндірісінің индексі 4,4%-ға дейін өсті (2018 жылы– 4% болған). Сусындар (10,2%), мұнай өңдеу өнімдері (6,6%), негізгі асыл және түсті металлдар өндірісі (6,8%) және машина жасау (20,9%) өндірісі алға шықты. Жалпы 2019 жылы өңдеу өнеркәсібінде 11,2 трлн теңгеге өнім өндірілген.

Жаһандық сауда-саттық соғыстары және геосаяси жағдайдың нашарлауы жағдайында индустриялық сапалы серпін алып, бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру үшін тыңғылықты және егжей-тегжейлі сарапталған және зерделенген мемлекеттік саясат қажет. Осы мақсатта жасақталған 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы экономиканы әртараптандырудың ұзақ мерзімді бағдарының логикалық жалғасы болып табылады.

Нәтижесінде, Дүниежүзілік банк болжамдары бойынша, 2020 жылы Қазақстан ЖІӨ өсімі 3,7%-ға, 2021 жылы 3,9% және 2022 жылы – 3,7% артатын болады. Ал Орталық Азия бойынша экономикалық өрлеу қарқындары бірқалыпты – 4,4% деңгейінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: