Жаңалықтар тізбегі
0

Элизабет Тұрсынбаева анасының қиын тағдыры туралы шындықты айтты

Инстаграм, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2020 17:47 Инстаграм
Элизабет Мәскеуде Байтақ Тұрсынбаев пен Падишахан Сұлтаналиеваның отбасында дүниеге келгенін көп адамдар біледі. Лизаның әкесі - Қазақстан, ал анасы – Қырғыз елінің тумасы.

Мәнерлеп сырғанау бойынша 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері - 20 жастағы қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева анасының қиын тағдыры туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Элизабет Мәскеуде Байтақ Тұрсынбаев пен Падишахан Сұлтаналиеваның отбасында дүниеге келгенін көп адамдар біледі. Лизаның әкесі - Қазақстан, ал анасы – Қырғыз елінің тумасы.

"Анам Қырғызстанда дүниеге келген, 16 жасында арман қуып, бір апта бойына пойызбен Мәскеуге жеткен, қалтасында небәрі 28 рублі болған, орыс тілін де білмеген. Не істейтінін және қалай өмір сүретінінен мақрұм анам өзінің өте талапшыл әрі жауапты қасиеттеріне сүйенген болса керек. Алдымен Орехово-Зуевский индустриалды педагогикалық колледжін бітіріп, алты айдың ішінде орыс тілін үйренді. Содан кейін Мәскеу мемлекеттік агротехникалық университетін тәмамдады. Күндіз білім алса, ал түнде наубайханада жұмыс істеп, таң қылаң бере үй тапсырмаларын орындауға үстел басына отыратын. Қай кезде мүмкіндік болады, сол кезде көз шырымын алып, демалатын. Нәтижесінде ол Мәскеуде жоғары білім алды! Осылайша бар тапқанына алғашқы пәтерін сатып алғанша өмір сүрді. Ол кезде 26 жаста еді. Ал бір кездері қалтасында 28 рублі ғана бар жас еді ғой ол. Содан кейін Тимур, мен дүниеге келдім. Біраз уақыттан кейін ол тағы бір пәтер сатып алды. Оған ата-анасы көп көмек бере алмайтын, өйткені оның алдында тағы 8 бала болған. Ол бәріне өзі қол жеткізді. Бір кездері анам жеке бизнесін дөңгелетіп, галантерея және бижутерия дүкендерін ашты. Сондай-ақ мейрамхана бизнесіне де ақшасын салды", - деп жазды Элизабет Инстаграмдағы парақшасында.

Спортшы өзіне және ағасына жақсы тәрбие беру үшін анасының бизнесін сатуға тура келгенін де айтты.

"Егер анамың табандылығы болмаса, біз қазір бір шалғай ауылда туылып, өсіп-өніп жатқан болар ма едік, онда ешқандай мәнерлеп сырғанау да, осы жағдай да жоқ қой бізде. Қазіргі уақытта анамның екі жоғары білімі және өзі жазған бірнеше кітабы бар. Ол әрқашан бізге көп ақша жұмсайтын, бізді мектепке, жаттығулар мен музыка мектебіне апарды. Өзінің өмірін еш ойланбастан отбасы және балаларына арнады. Біздің үнемі таудай тіреуішіміз болды. Біздің бүгінгі күніміз, бүгінгі жетістігіміз – бәрі-бәрі анамның арқасы, сол кісінің еңбегі. Мен оны әрқашан мақтан тұтамын", - деп сөзін түйіндейді Тұрсынбаева.

Еске сала кетейік, Лиза 13 жасында Мәскеудегі жасөспірімдер чемпионатында алтын медаль ұтып алған кезде оны Мәскеу мен Ресейдің ұлттық құрамасына қосқан. Кейін отбасылық кеңестен соң Элизабет барлық жарыстарға Қызылорда облысы мен Қазақстан атынан шығатын болып шешілген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2020 17:47

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: