Қазақстанда қиылған некелердің 40% ажырасады

Depositphotos, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2020 15:23 Depositphotos
Нұр-Сұлтандықтар ажырасқыш, Батыс Қазақстанда ажырасу аз.

БҰҰ-ның Қазақстандағы халық тұрмысы саласындағы зерттеулері біздің елімізде ажырасулардың саны жоғары қарқынмен өсіп келе жатқанын көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен бірге, туу көрсеткіші де төмендеп бара жатқаны атап өтіледі.

2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін республика бойынша неке саны 18 пайызға, ең көбі Шығыс Қазақстан облысында – 28 пайызға төмендегені белгілі болды.

Бір қызығы, солтүстік және шығыс облыстар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары өзгелерден жиі ажырасады – бұл өңірлерде ажырасу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары келеді.

Ажырасу ең тіркелетін аймақ – республиканың оңтүстігі мен батыс өңірі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: