Қазақстанда ауыл отбасыларына қарағанда қаладағы отбасылар жиі ажырасады

ажырасу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2022 18:34 Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ауылдағыларға қарағанда қалалық отбасылар жиі бұзылады. Былтыр 48,2 мың ажырасу тіркелсе, оның 34,8 мыңы (72,2%) қала тұрғындарының үлесінде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мысалы, ажырасудың ең жоғары көрсеткіші елордада байқалады: 1 мың адамға шаққанда ажырасу көрсеткіші 3,54 жағдай. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында:1 мың адамға 1,20 жағдай.Ұлттық статистика бюросы

Бұл ретте балалары жоқ ерлі-зайыптылар жиі ажырасқан. Олардың үлесі – 60,5%. Бір баласы бар ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу үлесі – 20,8%, кәмелетке толмаған екі және одан да көп балалары барлар – 18,7%.

  • Неке ұзақтығы бойынша ажырасу коэффициенті:

  • 34,1% - 10 жылдан жоғары;

  • 26,3% - 5 жылдан 9 жылға дейін;

  • 21,4% - 2 жылдан 4 жылға дейін;

  • 7,8% - бір жыл;

  • 5,5% - бір жылға дейін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: