Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысы әкімінің кеңесшісін жұмыстан босатқалы жатыр

Pavon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2020 21:04 Pavon.kz
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері таңдауына үш жаза ұсынылды: қызметін төмендету, лауазымын жауапты орындамағаны үшін ескерту жасау немесе жұмыстан босату.

Павлодар облысында әдеп жөніндегі кеңес өткізіліп, онда Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі Аманолла Қозыбаевты қызметінен босату жайы талқыға салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavon.kz сайтының хабарлауынша, әдеп жөніндегі кеңестің тәртіптік комиссиясы 1,8 млрд теңгеге медициналық техниканы сатып алу жөніндегі тендерді болдырмау туралы іске қатысты адамды тыңдады. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ержанов Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі Аманолла Қозыбаевтың өтініші бойынша тендерді себепсіз жойғанын ішінара мойындады.

Этикалық кеңесте Қозыбаевтың қылмыстық жауапкершіліктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласуының арқасында құтылғаны атап өтілді. Олар қылмысты болдырмай, оның алдын алған. Кеңесші өзінің лауазымына қатысы жоқ мәселелерге араласу арқылы мемлекеттік қызметшінің этикасын анық бұзды. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері таңдауына үш жаза ұсынылды: қызметін төмендету, лауазымын жауапты орындамағаны үшін ескерту жасау немесе жұмыстан босату. Нәтижесінде барлығы жұмыстан шығаруға қатысты дауыс берді.

Кеңестің шешімін тыңдаған Аманолла Қозыбаев жиын залын тастап шықты. Мемлекеттік қызметте 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеді, бұрын ол тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған, оның қызмет үнемі оң жағынан бағаланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: