Жаңалықтар тізбегі
0

Кәлетаев елден кетті: оны Украинаға Елші етіп жіберді

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2020 15:03 баспасөз қызметі
Дархан Кәлетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

Президент жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Кәлетаев Дархан 1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Приозерное ауылында дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген (1994), тарихшы.

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (1996-1997).

Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:

Саяси ғылымдар докторы, диссертация тақырыбы: "Қазақ халқының әлеуметтік-саяси шоғырлануы: ерекшеліктері мен мәселелері", 23.00.02 - Саяси институттар, этно-саяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар.

Еңбек жолы:

ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Тіл комитетінің 1 санатты маманы, жетекші маманы (1995);

ҚР Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің жетекші, бас маманы (1995-1996); ҚР Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру департаменті басшысының орынбасары, Алматы (05.1997 – 11.1997);

ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің бастығы, Астана қ. (11.1997 – 2001);

ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Астана (2001 – 02.2002);

ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, Астана (02.2002 – 11.2002);

ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, меңгерушісі, Астана (11.2002 – 2004);

ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана қ. (2004 – 2005);

ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы (2005 – 2006);

ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Астана (2006 – 12.01.2007);

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (12.01.2007 – 13.10.2008);

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры (11.2009 – 10.2016);

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі (04.04.2018 – 29.06.2018);

ҚР әлеуметтік даму министрі (07.03.2018 – 02/25/2019);

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы (02.25.2019 – 03.03.2019);

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары (25.03.99 – 12.12.99)

Өзге лауазымдары:

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық кеңестің хатшысы, ҚР Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі қоғамдық кеңестің хатшысы (ақпараттық саясат) (2004 – 2005);

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті (01.2015 – 10.2019);

ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (04.17.2017).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: