Тоқаев Болат Палымбетовті қызметінен босатты

kapital.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2020 18:40 kapital.kz
Ол бұл қызметте 2016 жылдан бері жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Палымбетовті қызметінен босатты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды", делінген Ақорда таратқан хабарда.

Палымбетов 1961 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы политехникалық институтын және Еуразиялық нарық институтын бітірген. Осы жылдар ішінде ол Маңғыстау облысының әкімі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы, сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл болып қызмет атқарды. Ол бұл қызметте 2016 жылдан бері жұмыс істейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: