Жаңалықтар тізбегі
0

ЕАЭО-дағы кедергілерді жою үшін жүйелі жұмыстар жүргізу қажет - Мамин

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2020 20:34 primeminister.kz
Тараптар 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары жобасының әзірлену барысын талқылады.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин биылғы ақпан айынан бастап өз міндеттерін атқаруға кіріскен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Өзіңіз білетіндей, еуразиялық интеграция идеясын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі дамуына баса көңіл бөледі", — деді Мамин.

ЕАЭО жұмыс істей бастаған кезеңнен бері Қазақстанның серіктес елдермен өзара саудасы 23,3%-ға – 16,3 млрд-тан 20,1 млрд долларға дейін өсті. ЕАЭО елдерінен келген инвестициялар ағымы 5,5 млрд доллардан асты, бірлескен кәсіпорындар саны шамамен 12 мыңға дейін, 2 есеге ұлғайды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы ЕАЭО ішкі нарығының жұмысы аясында тым көп тосқауылдардың — 66 кедергінің бар екенін атап өтті.

"Кедергілерді жою, классикалық “төрт еркіндікті” (тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күші) қамтамасыз ету және өзара сауда көрсеткіштерін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Бұл іскерлік орталарға, жалпы, ЕАЭО-ға қатысушы елдердің тұрғындарына интеграциялық жобадан нақты пайданы сезінуге мүмкіндік береді", — деді А. Мамин.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2020 20:34

Тараптар 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары жобасының әзірлену барысын, ЕАЭО аясында техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіруді, сондай-ақ ЕЭК жұмысының регламентін сақтау мәселелерін талқылады.

Кездесуге Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов және ЕЭК Алқасының төрағасы хатшылығының басшысы В. Зиновский қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: