Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтарға Италияға, Таиландқа, Жапонияға, Сингапурға бармауға кеңес берілді

ortcom.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2020 23:43 ortcom.kz
Біріншіден, қазақстандықтардың назарына Оңтүстік Кореяда тіркелген індетке баса назар аудартқым келеді - Бекшин.

Қазақстандықтарға коронавирус індеті тіркелген бірқатар елдерге бармауға кеңес беріледі, - деді бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен аптада мен Қытайға кіріп-шығатын барлық бекеттерді аралап шықтым. Бұрын біз сол маңдағы әрекеттерімізді ортаға сала отырып, өзара жоспарлаған едік, енді біз соның орындалуын тағы да қарап шықтық. Қытайда індеттің бәсеңсу үрдісі болып жатқандықтан. Өткен аптада біз күнделікті өсудің жарты пайызын, содан кейін 1,1 пайызын тіркедік. Өткен тәулік ішінде өсімнің ең төменгі деңгейі тіркелді, - деді Бекшин.

Алайда, оның айтуынша, керісінше басқа елдерде коронавирус індетінің параллельді тұрғыда екпін алуы алаңдаушылық туғызады. Мәселен, соңғы екі күнде абсолютті өсім болып, ол 24 және 21,4% құрады.

Осыған байланысты біз бұл елдерге ерекше мән беріп отырмыз. Біріншіден, қазақстандықтардың назарына Оңтүстік Кореяда тіркелген індетке баса назар аудартқым келеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Оңтүстік Кореяда 602 жағдай тіркеліп, күніне 168 жұқтырудың жаңа фактілері тіркеліп жатыр. Бұл - өте қиын жағдайлар, - деп мәлімдеді бас санитарлық дәрігер.

Сондай-ақ ол мұндай індеттің өршуі фактілері Италия - 144, Жапония - 132 (Diamond Princess круизі кемесіндегі фактіні қоспағанда), Сингапурде - 89, Иранда - 49, Таиландта - 35, Малайзияда - 22 жағдай тіркелгенін баса айтты.

Мен азаматтарымызға бұл елдерге сапарға шығуды жоспарламауға, ал жоспарланған жағдайда билеттерін қайта тапсыруға кеңес беремін. Осы елдердегі жағдай тұрақталғанша сапардан бас тартқан жөн. Сіздерден ол елдерге бармауды сұраймын. Бұл – індеттің таралуы қазір ушығып тұрған елдер, - деп сөзін қорытындылады Бекшин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: