Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да Үржар ауданының әкімі ауысты

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2020 17:51 altaynews.kz
Ал алдындағы әкім Серік Зайнулдин Зайсан қаласының әкімі болып кетті.

Шығыс Қазақстанда Зайсандағы дүрбелеңнен соң тағы бір әкім ауыстырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Үржар ауданының әкімін жаңадан тағайындады. Бұл лауазымды қызметке Нұржан Токсейітов лайық деп танылған.

"Бүгін Үржар ауданы әкімінің лауазымына менің өкіміммен Нұржан Тоқсейітов тағайындалды. Оның мемлекеттік басқару қызметінде тәжірибесі зор. Бесқарағай және Алтай аудандарын табысты басқарды. Жалпы Үржар ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары. Алдағы бес жылда нақты бағдарламалар іске асырылады. Жаңа әкімге, әсіресе, аграрлық секторды дамыту жұмысын күшейтуді тапсырдым" деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов Facebook-тегі парақшасында.

Ал алдындағы әкім Серік Зайнулдин Зайсан қаласының әкімі болып кетті. Бұл тағайындау Зайсан ауданының тұрғындары биліктің коронавируспен ауыратын науқастарды жергілікті ауруханада қарау туралы шешіміне қатысты наразылықтарын білдіру үшін көшеге шыққаннан кейін болды.

Нұржан Тоқсейітов 1960 жылы 6 шілдеде Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылы Бесқарағай ауданының "Семенов" совхозында жұмысшы болып бастаған. 1981 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, төрт жылдан кейін мал дәрігері болып жұмыс істейді.

1995 жылдан 1998 жылға дейін "Семей-Агро" ЖШС, "Ақбұлақ" АҚ, "Кен-Холдинг" ЖШС басшысы болған. 2000 жылдан 2003 жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2008 жылдан 2010 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары қызметінде болды.

2010 жылдан 2015 жылға дейін Алтай ауданы әкімінің орынбасары. 2015 жылғы 27 қазанда аймақ басшысы Даниал Ахметовтың өкімімен Нұржан Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды. 2017 жылдың наурыз айынан бастап Алтай ауданының әкімі болып тағайындалған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: