Қоянқұс, Ынтымақ, Жаңатұрмыс – Алматыда №215 және №226 автобустар шықты

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2020 22:21 Алматы қаласының әкімдігі
Автобустардың жұмысы 6-00-де басталып, 22-40-та тоқтайды.

Алматыда №215 және №226 деген жаңа автобус маршруттары пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz inAlamty.kz-ке сілтеме жасап.

"Олжас LTD" ЖШС-інің бес автобусы №215 маршрутқа шығып, Алматы облысындағы Ынтымақ ауылынан Сүйінбай даңғылындағы "Түрксіб" базарына дейін жүретін болды. Жолға кететін уақыты ары бір сағат, бері бір сағат болады.

"Бағыттағы автобустар арасындағы интервал 24 минут. Автобустардың жұмысы 6-00-де басталып, 22-40-та тоқтайды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2020 22:21

Ал №226 маршрутты "Думан транс" ЖШС-і іске қосты, ол Жаңатұрмыс — Гроза аялдамасы бағытында жүреді. Бұл автобустар сағат 23-00-ге дейін жүреді, күніне 8-9 рейстен жасайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2020 22:21

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: