Коронавирус Грекияға жетті

rusvesna.su, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2020 17:04 rusvesna.su
Билік науқас әйелмен қатынаста болғандарды анықтауда.

Қорқынышты коронавирус Грекияға жетті. 26 ақпанда бұл елде алғашқы жұқтыру оқиғасы туралы белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Грекия Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Сотирис Циодрастың айтуынша, COVID-2019 Италияның солтүстігінен Салоники қаласына келген 38 жастағы әйелден анықталған, дейді evropakipr.com.

Науқас аурухананың инфекциялық бөліміне орналастырылды.

- Ол өзін жақсы сезінеді, оны Салоникиде тәжірибелі дәрігерлер тобы бақылап отырады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Грек билігі науқас әйелмен қатынаста болғандарды анықтауда. Олар карантинге жіберіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: