Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысы ардагері жазған хатқа жауап берді
Алматы ТВ
Майдангер хатта Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы ұйымдастырып жатқан "Біз – Жеңістің мұрагеріміз!" атты тағзым эстафетасы үшін алғыс айтқан болатын.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жоңқабаевтың жазған хатына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Майдангер хатта Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы ұйымдастырып жатқан "Біз – Жеңістің мұрагеріміз!" атты тағзым эстафетасы үшін алғыс айтқан болатын. Калининград майданында, Москва түбіндегі және Ржев шайқасына қатысып, алапат соғыстың бар тауқыметін көрген 99 жастағы ардагерге Президенттің сәлемдемесін Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Ниязтай Әлкешев табыс етті. Ардагер барлығына алғыс айтып, батасын берді.
"Республикамыз дами берсін, экономикамыз дами берсін, елімізде тыныштық болсын, басқа мемлекеттермен тереземіз тең болсын, үлкен жақсылық тілеймін, амандық, тыныштық тілеймін", – дейді Ұлы отан соғысының ардагері Қайырлы ЖОҢҚАБАЕВ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript