Оңтүстік Кореяда 35 мың отандасымыз бар, оның 12 мыңы заңсыз жүр
РИА Новости
Коронавирус Оңтүстік Корея елінде де кең таралып жатқанын ескерсек, отандастарымызға қауіп төнуі әбден мүмкін. Сондықтан ведомство қызметкерлері қазақстандықтарды тезірек елге қайтуға шақырып отыр.
Оңтүстік Кореяда 12 мың отандасымыз заңсыз жүр. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды "Хабар-24".
Оның сөзінше, қазір таңсамалы елінде 35 мыңға жуық Қазақстан азаматы бар. Солардың тек 848-і ғана елшілік тіркеуінде. Қалғаны елдің қай аумағында жүргені белгісіз.
Осы ретте коронавирус Оңтүстік Корея елінде де кең таралып жатқанын ескерсек, отандастарымызға қауіп төнуі әбден мүмкін. Сондықтан ведомство қызметкерлері қазақстандықтарды тезірек елге қайтуға шақырып отыр. Өйткені жақын уақытта Оңтүстік Кореяға қатынайтын әуе рейстері күрт қысқартылмақ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript