Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан сырттан жұмысшылар тартуды доғарды – Біртанов

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2020 23:58 Хабар 24
Қазақстанның өзге елдермен арадағы инвестициялық жобалар аясында 20 мыңнан астам шетелдік маманға квота берілген еді. Алайда коронавирусқа байланысты әлемде орнаған жағдай бұл жоспарға өзгерістер енгізбек.

1 наурыз күні коронавирус індетінің қаупі жоғары елдердің тізімі жаңартылады. Осыған байланысты ел үкіметі шетелдік жұмысшыларды Қазақстанға әкелуді уақытша тоқтатты. Оларды қазақстандық жұмыс күшімен алмастыру мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды "Хабар-24".

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистермен өткен кездесуде мәлімдеді.

Ведомство басшысы келтіргендей, Кореяда жүрген қазақстандықтар елге қайтар болса, олар тиісінше екі апталық карантинге орналастырылады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қазір корей елінен Қазақстанға қайтқысы келетін қанша отандасымыздың барын анықтап жатырмыз. 30 мыңнан аса қазақстандықтың 25 мыңы елге оралғысы келеді делік. Қазір біздегі жұқпалы аурулар ауруханасында 7 мыңға жуық орын бар. Олардың барлығын бір мезетте жеткізу мүмкін емес екені түсінікті. Әлемнің көптеген елінде вирус жұқтырды деген күдікке ілінгендердің кейбірі үйлерінде жатып ем қабылдайды. Оларды дәрігерлер үздіксіз бақылайды. Сол тәжірибені қолдануымыз әбден мүмкін.

Қазақстанның өзге елдермен арадағы инвестициялық жобалар аясында 20 мыңнан астам шетелдік маманға квота берілген еді. Алайда коронавирусқа байланысты әлемде орнаған жағдай бұл жоспарға өзгерістер енгізбек. Денсаулық сақтау министрі мәлімдегендей, ел үкіметі шетелдік жұмысшыларды Қазақстанға әкелуді уақытша тоқтатты. Оларды қазақстандық жұмыс күшімен алмастыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

- Көбісі келмей жатыр қазір. Ол мәселе біз тоқтатқаннан емес, өздері келмей жатыр. Сонымен біз осы жобаларды өзіміз ары қарай жалғастыруымыз қажет. Осындай шешім қабылданып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: