Павлодар облысының басшысы Павлодар қаласының әкіміне сөгіс жариялады
pavlodarnews.kz
Қаланы тазарту бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігі және өзара іс-қимыл мәселелерінде, оның ішінде тасымалдаушылар мен тұрғындар арасында үйлесімнің жоқтығы үшін.
Өңір басшысы Әбілқайыр Ысқақовтың төрағалығымен Павлодар облысының әкімдігінде жылу беру маусымының жайы талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жиналыста Ысқақов Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Мұрат Әбілхалықовқа аймақтағы өмірлік маңызы бар нысандарды қамтамасыз ету саласында дұрыс шешімдер қабылдауға арналған жеткілікті деңгейдегі сараптама жасамағаны үшін, сондай-ақ Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновке қаланы тазарту бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігі және өзара іс-қимыл мәселелерінде, оның ішінде тасымалдаушылар мен тұрғындар арасында үйлесімнің жоқтығы үшін сөгіс жариялады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript