Жаңалықтар тізбегі
0

"Көлік жуамын...". Алматыда 10 сынып оқушысы мүгедек анасын өзі асырап отыр

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 15:36 иллюстрация үшін алынды
Жалғызбасты ана Қамаш Бекімбетова 5 жыл бұрын қос жанарынан айрылған. Өзі ұлымен бірге баспана жалдап тұрады. Қос бөлмелі мына лашыққа 15 мың теңге төлеп жүр. Одан бөлек жарық пен газ үшін 4 мың теңге беруге міндетті.

Алматыда мектеп оқушысы көлік жуып, жанарынан айырылған анасын, асырап отыр. Жалдамалы баспана, коммуналдық шығындар мен күнделікті ішіп-жейтін тамақтары да Санжардың мойнында. Қара жұмысқа 6-шы сыныптан араласқан ол еңбек етуден қашпайды. Тек жалғыз ғана арманының орындалуын жаратқаннан сұрайды. Өйткені анасын емдететін қалтасында артық қаражаты да жоқ, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жалғызбасты ана Қамаш Бекімбетова 5 жыл бұрын қос жанарынан айрылған. Өзі ұлымен бірге баспана жалдап тұрады. Қос бөлмелі мына лашыққа 15 мың теңге төлеп жүр. Одан бөлек жарық пен газ үшін 4 мың теңге беруге міндетті. Тігіншілікпен айналысқан ананың қазір өздігінен қозғалуы да қиын. Сондықтан отбасының барлық шығындары ұлының мойнында.

Қамаш БЕКІМБЕТОВА:

- Баламның 6 сыныбында көзім көрмей қалды ғой. 6 сыныпта бұл ана.. Еш жақтан көмек жоқ. Үкіметтен ештеңке алып көрмеппін осыған дейін.

53 жастағы келіншек баласы келгенше бір орында тапжылмай күтетінін айтты. Ал ұлы қазір мектепте 10-шы сыныпта оқиды. Ол өзіне жан-жағындағылардың аяушылық танытқанын қаламайды. Сондықтан бетін көрсетпеуімізді сұрады.

Санжар, 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Қазір сол автомойкада істеп жүрмін. Сабаққа кетемін, таңертең шәй тамақты бірге ішеміз, кетем. Одан кейін үйге келіп, сөйтіп шәй ішіп боп бірақ жұмысқа кетемін. Кешке мен келгенше жұмыстан мама күтіп отырады, сөйтіп бірақ ішеміз. Көзі көріп кетсе екен тілеймін. Күнде жатар кезде.

Бекімбетовтер отбасы көмек сұрап аудан әкімдігіне талай бас сұққан. Жалғызбасты ананың мүгедек екенін растайтын анықтамасы да жоқ. Аудан атқамінерлері жағдайды былай түсіндірді.

Зәуре ӘБІЛДАЕВА, НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ ӘЛ-АУҚАТ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Бұл кісіде Қазақстан азаматтығы жоқ, бірақ азаматтығы жоқ болса да оралман ретінде осы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындадық. Негізі кәмелеттік жасқа толып кеткен екі қыз баласы бар. Олар тұрмыста.

Шенділер Қамаш Бекімбетованыны жалдамалы баспанасына уақытша тіркеуге алмақшы. Сосын ғана оған мүгедектігін растайтын анықтама береміз деп уәде етті.

Нағигүл БЕЙСЕМБИНА, НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

- Біздің АСП алмайды екен. Атаулы әлеуметтік көмек бар ғой. Кейін өзіміз бардық іздеп. Содан атаулы әлеуметтік көмек туралы естіген кезде мен сөйлей алмай қалдым ғой деп айтты. Ол үшін 42280 теңге үйінде ешқандай табысы жоқ адамға үлкен бір табыс боп көрінді. Бұл отбасы 2003-те елге оралған. Алғашында Жамбыл облысында тұрған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: