Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде видеосы тарап, елді таң қалдырған иттің есімі Мангус болып шықты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 15:46 видеодан алынды
Анатолий Дербеневтың айтуынша, ақылды серігін сатып алу үшін арнайы келіп қомақты қаржы ұсынғандар да бар екен. Дегенмен отбасы мүшелерінің орнын басып отырған төрт аяқтыны сату ойында жоқ.

Таразда мүмкіндігі шектеулі, арбаға таңылған иесін итеріп, қауіпті көше қиылыстарында көмектесіп жүрген иттің видеосы әлеуметтік желідегілерді таң қалдырған. Адамның адал дос бола білген бұл иттің есімі Мангус екен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік желіде кеңінен таралған бұл бейне халықтың таңданысын еріксіз тудырған болатын. Төрт аяқты хайуанның адам баласына деген адалдығын көргендер разылығын білдіріп, түрлі пікірлер қалдырды. Тұрғындарға жылулық пен мейірім сыйлаған итті көркем фильмдегі Хатикоға теңеп кеткен.

Бұл Тараз қаласының тұрғыны – Анатолий Григориұлы. Бейнедегі кейіпкер және иттің иесі осы адам. 70 жастағы қария Магнус есімді серігін базардан сатып алғанын айтады. 11 айлық адал досы 7 айдан бастап көмекке жарапты.

"Шамамен 1 жыл бұрын базарда 20 мың деп тұрған жерінен 15 мың теңгеге саудаласып алдым. Бірақ қандай тұқымдағы ит екенін білмеймін. Атын Магнус деп қойдым. Арнайы жаттығулар үйреткен емеспін. 7 айдан бастап арбаны итеріп, көмектесіп жүр. Еш уақытта аш қалдырмаймын, арнайы ас-ауқат алып отырамын", – деді қала тұрғыны Анатолий ДЕРБЕНЕВ

Анатолий Дербеневтың айтуынша, ақылды серігін сатып алу үшін арнайы келіп қомақты қаржы ұсынғандар да бар екен. Дегенмен отбасы мүшелерінің орнын басып отырған төрт аяқтыны сату ойында жоқ. Осылайша олар тараздықтарға адал достықтың үлгісін көрсетіп жүр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: