Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирусқа арналған QR код: Қытай үкіметі арнайы қосымшаны іске қосты

TheWorldNews.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 15:57 TheWorldNews.net
Бағдарлама бұл кодты вирус тасымалдаушыларына ғана емес, сонымен қатар инфекция қаупі бар адамдарға да тағайындайды.

Қытай үкімет азаматтарды коронавирустық инфекцияларға тексеретін қосымшаны іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.Ru сайтына сілтеме жасап.

Ant қосымшасын пайдаланушы әрбір адамға жасыл, сары немесе қызыл түстегі жеке QR коды беріледі. Оны кеңсе ғимараттарына, тұрғын үй кешендеріне және қоғамдық көліктерге кіре берісте көрсету керек.

Жасыл код пайдаланушының қоғамдық көлікте жүруге және жұмысқа баруға еркін екендігін білдіреді. Сары кодты ұстаушыдан үйінде бір апта өткізуді сұрауы мүмкін. Егер код түсі қызыл болса, адам екі апта бойы күштеп карантинге жіберіледі. Бағдарлама бұл кодты вирус тасымалдаушыларына ғана емес, сонымен қатар инфекция қаупі бар адамдарға да тағайындайды.

Карантинді бұзушыларды анықтау үшін QR кодтарды бақылау қоғамдық көліктерде және басқа адамдар көп жүретін жерлерде жүзеге асырылады. «Синьхуа» мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, келесі аптадан бастап бұл қызмет кез-келген азаматтың жұқпалы жағдайын анықтауға көмектеседі, іздеу қосымшасына адамның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп те смартфоны жоқтарды да тексере алады. Сонымен қатар, бұл арада қателікке жолберілетін де бір жағдай бар. Билік те кейбір жағдайларда дені сау адамдарды да карантинге мәжбүрлі түрде жатқызып қоятындарын мойындайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: