Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда өлген адам деп тіркелген тірі азамат жеке куәлік ала алмай жүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2020 14:39 видеодан кадр
Құқық органдары тұрғынды 8 жыл бұрын бақилық болғандар қатарына заңды түрде қосқан екен.

Таразда өзін өлілер тізімінен тапқан азамат жеке куәлікке қол жеткізе алмай жүр. Айтуынша, құқық органдары тұрғынды 8 жыл бұрын бақилық болғандар қатарына заңды түрде қосқан, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Марат Мейірханұлы – Тараз қаласының тумасы. 55 жастағы ел ағасы жеке куәлікке жарымай жүргеніне 10 жылға жуықтаған. 2010 жылы мерзімі өткен құжатын ауыстырууға барғанда, төлейтін айыппұлы мен тұрғылықты жерде тіркеуінің болмағанын айтады. Бірнеше жылдан соң халыққа қызмет көрсету орталығына қайта қайырылғанда, күтпеген жағдайға тап болған. Құзырлылар тірі адамды өлілер тізіміне қосып тастаған.

"Барсам – өліп қалғансың дейді. Сонымен өліп қалғанда қалай өліп қалғам, мен тірі адаммын ғой. Дәлелдейтін әкем де ағам да бар. Бірақ та білмеймін, компьютерде 2012 де өліп қалды деп мені шығарған. Астанада балам бар, сол жаққа шықырып еді, ешқан жаққа шыға алмай отырмын. Қазір аурухана жатайын десем, олар да жатқызбай жатыр", – деді қала тұрғыны Марат Құрманәлиев.

Кейіпкердің сөзінше, жеке куәліксіз не жұмыс, не мемлекеттік мекемелердің ешқайсысынан қызмет ала алмаған. Сан жыл жалдамалы жұмысшы болып істеген азамат заңнан хабарсыз екенін де жасырмады. Аталған мәселеге байланысты Көші-қон полициясы мен Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіндік. Тірі адамның өлілер қатарынан табылуын мамандар да түсіндіре алмады.

"Өлілер санатына көшуін алдағы уақытта тексереміз. Нақты анықтаймыз. Дәл осындай жағдайда болды деп мен сіздерге айта алмаймын. Қазіргі таңда бұл кісі жазбаша түрде бізге арыздануы керек. Арыз түскеннен бастап, біз тексеру жұмысын жүргіземіз. Азаматтың өзінің де кінәсі бар, 10 жыл бойы көші-қон полициясына келмей, хабарын бермеген. Құжаттарын ауыстырмаған себеп те болып отыр", – деді Қалалық полиция бөлімі Көші-қон қызмет бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы Арай Айымбек.

Көші-қош полициясының өкілдері 2011 жылы құжаттаманың жаппай электронды түрге көшуі кезінде қателіктер кетуі мүмкін дейді. Тұрғынның құжат бойынша бақилық болуынан деген болжам айтып отыр. Дегенмен қос мекеме басшылары аталған мәселені 2 апта ішінде шешуге уәде берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: