Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайлық жігіт коронавирусты екі рет жұқтырып, ақыры қайтыс болды

НСН, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2020 15:05 НСН
Қытайда коронавирустан емделіп шыққан науқас оны қайта жұқтырып, ақыры қайтыс болды.

Қытайдың Ухань қаласында коронавирустан емделіп, ауруханадан шығарылған 36 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

12 ақпанда Ли Лян есімді ер адам коронавирустың жеңіл және орташа белгілері бар науқастарды емдеу үшін салынған ауруханаға түсті. Екі аптадан кейін ол ауруханадан шығарылып, қосымша 14 күндік карантинге арнайы орталыққа жіберілген, - делінеді South China Morning Post хабарламасында.

Марқұмның әйелінің айтуынша, үйге оралған соң екі күннен кейін күйеуі өзін жайсыз сезінгенін айтты. Аузы құрғап, ішіне жел толғанына шағымданады. 2 наурызда Лидің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілді, сол күні қайтыс болды.

Ухань денсаулық комиссиясы берген анықтамада өлім себебі COVID-19 делінген. Құжатта науқастың тыныс алу жеткіліксіздігінен қайтыс болғаны көрсетілген.

Басылым 4 наурыз, сәрсенбіде Ухандағы уақытша емханалардың бірінен жедел хабарлама түскенін айтады. Онда сауығып шыққан көптеген науқастардың ауруханаға қайта жатқызылатын жағдайлары күрт көбейгені хабарланған.

Қытайдың гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің баяндамасында Уханда бұрын бір ауырып шыққан адамдардың COVID-19 коронавирусын қайта жұқтыруы 200 рет тіркелгені көрсетілген.

Қытай дәрігерлері коронавирустан жазылып, ауруханадан шыққан адамдардың әлі де вирус тасымалдаушысы болып, басқаларға жұқтыруы мүмкін екенін ескертті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: