Оңтүстік Кореядан келген 100 адам карантинде жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2020 16:06 zakon.kz
Барлық оқшауланған адамдар толық медициналық бақылаудан өтеді.

Бас мемлекеттік санитарлық инспектордың 2020 жылғы 4 наурыздағы Қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) қауіпі жоғары елдердің 1а санатына жататын Қытай, Оңтүстік Корея, Ираннан келген адамдар 14 күндік міндетті карантинге жатады, одан соң белгіленген үй-жайларда оқшаулануы тиіс, деп хабарлайды zakon.kz.

05 наурызда сағат 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен барлығы 197 адам келді. Оның ішінде транзиттік елдер - 97 (Қырғызстан - 23, Өзбекстан - 37, Ресей - 16, Украина - 18, Оңтүстік Корея - 2, Тәжікстан - 1).

Қырғызстан өз азаматтарына автобус берді және полиция қызметкерлерімен бірге 21 Қырғыз азаматы бар автобус Қырғыз Республикасына жіберілді.

Жалпы 100 адам медициналық мекемеге жеткізілді және орналастырылды, оның ішінде 4 бала.

Барлық оқшауланған адамдар толық медициналық бақылаудан өтеді. Айта кету керек, карантин кезеңінде (14 күн): карантин орнынан кетуге жол берілмейді. Карантиндегі адамдар режимді бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: