Жаңалықтар тізбегі
0

Сонша мақтаған Тальго вагондарына не болды? Бұл жоба неге жабылғалы жатыр?

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2020 21:05 24.kz
КТЖ Тальго вагондарынан не үшін бас тартып жатқандарын түсіндірді.

Зауытта Қазақстан үшін испан технологиясымен шығарылған соңғы 62 вагон құрастырылып жатыр. Одан кейін Қазақстан "Тальго" зауытынан экономикалық себептерге байланысты алыс-берісті тоқтатады. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұл вагондардың бас тартуға бірнеше фактор себеп болғанын айтты. Атап айтқанда, жолаушы отыратын орын аз (8-ден 20-орынға дейін), сондықтан жаппай жолаушылар тасымалын қамтамасыз ете алмайды, бағасы да удай, оның күтіміне де көп ақша кетеді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстанда 15 бағыт бойынша 570 "Тальго" вагондары жүйткіп жүр. Тальго компаниясы техникалық жағынан жылдың соңына дейін қызмет көрсетеді.

Сауат Мыңбаевтың айтуынша, "Патентос Тальго" компаниясымен барлық құқықтық мәселелер Еуропададағы келісімшартқа қатысы бар Deutsche Bahn өкілдерінің белсенді қатысуымен сәтті шешілген.

"Бүгінгі таңда бізде 570 Тальго вагондары бар. Олар,әрине қолданыста болады. Одан бөлек жергілікті қызмет көрсету құрамы да ұлғайтылды. Мен сервис бойынша келісімшарт бағасын арзандата алғанымызды айтып отырмын. Осылайша, ҚТЖ өзіне тиімді жағдайлар жасай алды", - деген ол, тек 2019 жылы мұндай пайда 309 миллион теңгені құрағанын айтты.

2021-2022 жылдардан бастап, ҚТЖ қазіргі заманғы техникалық шешімдер мен тұтынушылық сипаттамаларға сәйкес Нұр Сұлтан қаласындағы жылжымалы вагондар өндірісі мен жаңалауды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, KTЖ паркінде 2240 вагон бар. Қазақстандағы пойыз вагондарын 10 жыл ішінде жаңартылады деп уәде берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: