Жаңалықтар тізбегі
0

ДДСҰ әлемге жаппай жайылған коронавирусты індет деп таныды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2020 05:12 Pixabay
ДДСҰ алдағы күндері виурсты жұқтырғандар мен өлім-жітімнің көбейетінін болжады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын пандемия деп таныды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдағы күндері және аптада біз зардап шеккен елдердің саны көбейетінін және өлім-жітімнің артатынын болжаймыз, - деді Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейюс Женевада өткен брифингтің тікелей эфирінде.

Сонымен қатар ол ДДСҰ коронавирусты пандемия ретінде бағалау туралы шешім шығарғанын жеткізді.

11 наурыздағы жағдай бойынша әлемде жаңа коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың жалпы саны 114 елде 118 мың адамды құрады. 4291 науқас қайтыс болды.

Пандемия (грекше «барлық халық») - бұл бүкіл елде, көрші мемлекеттердің аумағына, кейде әлемнің көптеген елдерінде (мысалы, тырысқақ, тұмау) инфекциялық аурудың жаппай тарауымен сипатталатын ерекше күшті індет (мысалы, безгек, тұмау).

Соңғы рет ДДСҰ «шошқа тұмауы» деп аталатын H1N1 вирусын пандемия деп таныған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: