Бақыт Мелдешов ҚР ОСК мүшесі қызметінен босатылды
Бақыт Мелдешов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Пленарлық отырыста палата спикері Дариға Назарбаева оның конституциялық өкілеттік мерзімінің аяқталғанын айтты.
Біз Бақыт Сәрсенбайұлына отандық сайлау жүйесін құруға және дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және алдағы жұмысында үлкен жетістіктер тілейміз, - деді Дариға Назарбаева палатаның жалпы отырысында.
Бақыт Мелдешов 1959 жылы 15 қазанда Мақталы ауылында дүниеге келген.
1979-1986 жылдары С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің студенті болды.
Еңбек жолын 1977 жылы Шымкент облысы "Дармина" совхозында жұмысшы болып бастады.
1985-1986 жылдары - Алматы темір жолы басқармасы заң бөлімінің юрисконсульты.
1986-1989 жылдары - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының аға консультанты.
1989 - 1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімінің консультанты, қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.
1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыру-заң бөлімінің аға консультанты, Парламент Сенаты аппараты заң шығару бөлімінің консультанты.
1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің заң шығару және сот жүйесі жөніндегі бөлімінің аға сарапшысы.
1997-1998 жылдары - "Қазақтелеком" ААҚ-ның Басқармасы шарт-талдау бөлімінің бастығы.
1998 жылдан бастап - "Қазақтелеком" ААҚ Басқармасы шарт-талдау бөлімінің меңгерушісі
2001 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Заң бөлімінің меңгерушісі.
2003 жылғы 25 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына сайланды.
2007-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.
06.25.2003, 04.09.2010, 03.03.2015, 07.2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.