Қазақстанда сауда орталықтары мен базарлар жұмысын тоқтатпайды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2020 18:57 Pixabay
Бірақ кинотеатрлар жұмыс істемейді.

Орталық коммуникациялар қызметіндегілер бұқаралық шараларды өткізуге уақытша тыйым салынғанына қарамастан сауда орталықтары мен базарлар жұмысын жалғастыра беретінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сауда орталықтары, базарлар әдеттегідей жұмыс істей береді. Бірақ кинотеатрлар жұмыс істемейді, - деді ОКҚ-дағылар.

Жаппайтын себебі - халық өзіне қажетті азық-түлік сатып алуы керек.

Дүкендердегі азық-түліктің жетпей қалу мүмкіндігі туралы сауалға ОКҚ бұл мәселе қатаң бақылауда екенін жеткізді.

Қазақстан халқы алты айға жететін тамақпен қамтамасыз ете алатындай өнімдер бар бізде. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бірінші кезекте тұр. Тамақпен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда, - деді вице-премьер Ералы Тоғжанов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: