Жаңалықтар тізбегі
0

Дариға Назарбаеваның Қырғыз еліне ресми сапары кейінге шегерілді

kenesh.kg, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2020 23:37 kenesh.kg
Екі елде қабылданып жатқан коронавирустық шараларға байланысты осындай шешім қабылданды.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның Қырғыз еліне ресми сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жогорку Кенештің хабарлауынша, Дариға Назарбаеваның 16-17 наурызға жоспарланған Қырғызстанға ресми сапары кейінге шегерілді. Бұл шешім Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасы Дастанбек Жұмабеков пен Дариға Назарбаева арасындағы телефон арқылы сөйлесу барысында келісілді.

Парламенттердің басшылары бұл шешімге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусты пандемия деп жариялаған соң қос елдің аумағына коронавирустық инфекцияның енуіне және оның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында жасалған іс-қимыл жоспарларын басшылыққа ала отырып келді. Дастанбек Жұмабеков пен Дариға Назарбаева тату көршілік қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады, сондай-ақ екі бауырлас халыққа денсаулық пен береке тіледі.

Телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды, парламентаралық ынтымақтастықты, оның ішінде достастық депутаттатық топтар деңгейінде кеңейту мәселелері бойынша пікірлер айтылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: