Жаңалықтар тізбегі
0

Өткен тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі тіркелген жоқ

aipm.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2020 16:57 aipm.kz
COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу республика бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

ұрметті қазақстандықтар, өткен тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясымен ауырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл дертпен ауырған адам саны – 4. Олар дәрігерлердің қатаң қадағалауында карантинде жатыр. Бұл кісілермен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынды. COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу республика бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

13 наурызда Қазақстанда коронавирус инфекциясын төрт адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олар - Германия мен Италиядан келген азаматтар. Үшеуі - Алматыда, біреуі Нұр-Сұлтандағы арнайы ауруханада жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: