Қазақстанда төтенше жағдай өз күшіне енді

Росбалт, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2020 15:05 Росбалт
Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус пандемиясын жариялауына байланысты Қазақстанда төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, елімізде 16 наурыз таңғы сағат 8.00-ден бастап 15 сәуірдің сағат 7:00 уақытына дейін төтенше жағдай өз күшінде болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус пандемиясын жариялауына байланысты Қазақстанда төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл кезеңде арнайы Премьер-министр Асқар Мамин басқаратын арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.

Төтенше жағдай кезінде Қазақстанда бірқатар шектеулер енгізілді. Ірі азық-түлік емес сауда орындарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа орындардың қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар, бұқаралық спорттық және ойын-сауық шараларына, сондай-ақ отбасылық қонақ және тойларға тыйым салынды.

Қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде елден кетпеуі керек (шетелде емдеу қажет болған жағдайларды қоспағанда). Сондай-ақ, Қазақстанға кіруге шектеу қойылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: