Мұнай бағасы қайтадан құлап жатыр

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2020 18:57 Inbusiness.kz
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 5,6% жоғалтты және бір баррелі шамамен 30 долларды құрады.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай айында 6,2% төмендеп, бір баррелі 31,88 долларды құрады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 5,6% жоғалтты және бір баррелі шамамен 30 долларды құрады. Мұнай бағасы АҚШ-тың Федералды резервтік ставкасын нөлге теңестіруі себеп болды. Ашық нарықтық операциялар бойынша федералды комитет (FOMC, ФРЖ басқармасы) коронавирустың тәуекелдерін басқару бөлігі ретінде федералды қаражат мөлшерлемесінің мақсатты диапазонын 0-0,25% дейінгі аралықта төмендету туралы шешім қабылдады.

Сарапшылар Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің орташа бағасы 40-45 долларға дейін төмендейді деп болжайды. Бірақ ОПЕК + келісімін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 35 доллардан төмен түсуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: