Қазақстанда коронавирустың 10-шы дерегі анықталды
RFI
Ол әйел Ыстамбұлдан Алматыға ұшып келген.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 10-шы науқас анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Евразия бірінші арнасының "Басты Prime" бағдарламасының эфирінде хабарлады.
Бұл әйелдің 1986 жылы туғандығы белгілі. Ұшақпен Алматыға Ыстамбұлдан келді.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінде елімізде коронавирустың 9 жағдайы тіркелген, оның ішінде Алматыда - 7, Нұр-Сұлтанда - 2 жағдай. Стационарлық карантинде - 1641 адам, үй карантинінде - 981 адам.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript