Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын жаңадан тағайындады

mil.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2020 04:08 mil.by
Нұрлан Қарбеновтың орнын Нұрлан Орманбетов басты.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Секенұлы Орманбетов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Орманбетов бұған дейін Әуе қорғаныс күштерін 2013 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қазанына дейін басқарған.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Өкімімен Карбенов Нұрлан Жанайдарұлы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

Нұрлан Секенұлы Орманбетов 1962 жылы 12 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауылында дүниеге келді.

Харьков жоғары әскери авиациялық училищесін (1983),

Ю.А.Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын командалық-штабтық жедел-тактикалық авиация мамандығы бойынша (1996),

РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясын (2010) бітірген.

Одесса Әскери округы. КЖ жойғыш авиациялық дивизиясы жойғыш авиациялық полкінің ұшқышы, аға ұшқышы, авиациялық звено командирі, Шығыс әскерлер тобы авиациялық звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары,

ҚР ҚМ қарамағында, эскадрилья командирі, Ю.А.Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясының тыңдаушысы (1983-96),

Бомбалаушы авиациялық полктің ұшу дайындығы бойынша полк командирінің орынбасары, бөлім командирінің орынбасары, Авиациялық база және 21751 әскери бөлім командирлерінің орынбасары, соңғысының командирі (1996-2007),

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары, РФ ҚК Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы, ҚР ҚМ қарамағында (2007-2010),

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы (2010 жылы 8 тамызынан).

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы (08.08-08.2012);

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысы Кеңсесінің Жауынгерлік дайындықтың бас басқармасының бастығы (08.2012-06.2013); ·

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы (06.27.2013-02.10.2017)

"Жауынгерлік ерлігі үшін" (11.12.1998) медалімен марапатталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: