Коронавирус жұқтырған студент қыз Ыстамбұлдан ұшып келген

ҰӘК, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2020 16:07 ҰӘК
Тағы бір науқас Мәскеуден ұшып келген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда тіркелген соңғы екі жаңа коронавирус дерегіне қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Біріншісі - 1998 жылғы студент қыз. Ол 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен келген.

Екіншісі - 1974 жылғы әйел. Ол 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келді. Екеуі де қазір карантинде, жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

18 наурыз күнгі таңертеңгі мәлімет бойынша, Алматыда - 17 адам, Нұр-Сұлтанда - 18 адам, барлығы 35 адам коронавирус инфекциясымен ауруханаға орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: