Қырғыз елінің Созақ ауданында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2020 17:24 zakon.kz
Мұндай бұйрықты Созақ аудандық әкімшілігінің басшысы, аудандық азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Ермекбай Омошев жариялады.

Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Созақ ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Төтенше жағдай кезінде аудан әкімшілігінің бұйрығына сәйкес, келесі шаралар мен мерзімдік шектеулер енгізіледі:

қоғамдық тәртіпті, ерекше маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерді, сондай-ақ халықтың тіршілігі мен көлік қатынасын қамтамасыз ететін объектілерді күзетуді күшейту;

адам көп жиналатын объектілердің қызметін тоқтата тұру;

аудандық штаб мүшелерін қоспағанда, Созақ ауданының аумағына кіруге, сондай-ақ аудан аумағынан барлық көлік құралдарымен шығуға шектеу қойылады.

Бүгін, 18 наурызда, Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның үш жағдайын Жалал-Абад облысының Созақ ауданында тіркелгенін хабарлады. Вирус жұқтырғандардың арасында Сауд Арабиясынан келген азаматтар бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: