Нұр-Сұлтан соты судьялардың коронавирус жұқтырғанын жоққа шығарды

Нұр-Сұлтанның соттары қашықтықтан жұмыс істеуде.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі судьялардың коронавирус жұқтырғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты өз жауабын берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қалалық сотының қызметкерлері коноравирус жұқтырды деген ақпараттар таратылуда. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, жалған және фейк екенін хабарлаймыз, - деді сот.
Нұр-Сұлтанның соттары қазір жұмысын тоқтатқан жоқ, қашықтықтан жұмыс істеуде.
Коронавирус жұқтырған тұлғалар туралы ақпарат алу үшін өкілетті органдарға немесе 1406 нөмірін теріп, call-орталыққа хабарласу керек
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript