Жаңалықтар тізбегі
0

Beeline карантин кезінде барлық ТВ топтамаға қосылу мүмкіндігін ашты

Beeline, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2020 23:53 Beeline
BeeTV мобильді сервисі – бұл Beeline клиенттерінің телевизия бағдарламаларын, фильмдерді, телехикаялар мен мультфильмдерді интернет-трафик шығындамай және жарнамасыз көру мүмкіндігі.

Beeline коронавирус індетіне байланысты карантин кезінде "Үйдегі Интернет ТВ" қызметінің клиенттеріне телеарналардың толық топтамасын қосымша төлемсіз көру мүмкіндігін ашты. "TV 90" және "TV 100+" топтамаларын қолданушылар "Үйдегі интернет ТV" қызметінің 177 телеарнасын және BeeTV-де ТОП 30 жаңалық пен ойын-сауық арнасын көре алады.

Көрермен ТНТ, Первый канал СНГ, Балапан, Euronews тәрізді рейтингі жоғары телеарналар мен Қазақстанның аймақтық арналарын үйдегі карантин кезінде еш шығынсыз көру мүмкіндігіне ие. Жаңалықтар, фильмдер және ең өзекті ТВ-бағдарламалар енді BeeTV қызметінде де қол жетімді: ТОП 30+ арна, соның ішінде Euronews телеарнасы 31 наурызға дейін тегін көрсетіледі.

Карантин кезінде, барлық іс-шара тоқтап, кинотеатрлардың жұмысы шектелген кезде қазақстандықтарды қолдау үшін, барлық қолжетімді ТВ-арнаны қандай-да бір қосымша төлемсіз көрермендерімізге ұсынуды ұйғардық. Бұл – соңғы оқиғалардан хабардар болып, уақытты қауіпсіз, әрі қызықты өткізуге көмектеседі деп үміттенеміз. Алда берекелі Наурыз мерекесі, көптеген бағдарлама – уақытты отбасының ортасында, теледидар алдында өткізудің тамаша мүмкіндігі. Қазақстандықтарға денсаулық, бейбітшілік және отбасына береке тілейміз, - деді Beeline Қазақстанның Медиа бизнесті дамыту қызметінің жетекшісі Сергей Лещенко.

BeeTV мобильді сервисі – бұл Beeline клиенттерінің телевизия бағдарламаларын, фильмдерді, телехикаялар мен мультфильмдерді интернет-трафик шығындамай және жарнамасыз көру мүмкіндігі. Қызметтің артықшылықтары қатарында – әртүрлі құрылғыдан – смартфоннан және планшеттен қосылу мүмкіндігі, сондай-ақ телеарналарды тоқтатып қою және соңғы тәуліктегі телебағдарламалар архивін көру мүмкіндіктері бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: