"Қазсушаруашылығы" РМК филиалын басқарған А.Шалабаева сотталды

"Қазсушаруашылығы" РМК Қарағанды филиалы Абай бөлімшесінің учаске бастығы алаяқтық үшін сотталды.
Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Қазсушаруашылығы" ШЖҚ РМК Қарағанды филиалы Абай бөлімшесінің учаске бастығы А.Шалабаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Шалабаева сотқа дейінгі тергеу барысында аталған учаскеде жол салу және қайта жөндеу үшін бөлінген 5 575 740 теңге сомасындағы бюджет қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені үшін күдікті болған.
Шалабаева ағымдағы жылдың 10 наурызында Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен 3 жыл, 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Оған қатысты көрсетілген мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript