Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда "Сұңқар" тұрғын үй кешені қоршауға алынды. Онда коронавирус адам тұрған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 15:27 zakon.kz
Көпқабатты үйде тұратын тұрғындар инфекция ошағын тастап кетуге құқы жоқ.

Алматы қаласында алғашқы індет ошағы анықталды. Зенков көшесі, 59 үй - "Сұңқар" тұрғын үй кешені толықтай карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үй кешені 15 күндік карантинге жабылды. Көпқабатты үйде тұратын тұрғындар инфекция ошағын тастап кетуге құқы жоқ.

"Сұңқар" тұрғын үйіндегі COVID-19 вирусын жұқтырғандардың нақты саны белгісіз, ол қазір нақтыланып жатыр.

Алматыда коронавирус індетінің ошақтары бар екенін 18 наурызда қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты.

Ол нақты жерлерді атамады, бірақ инфекцияның ары қарай тарау тізбегін бұзуды ұсынатын әрекеттер алгоритмі туралы айтты.

Енді, міне бір індет ошағы анықталды. 19 наурызда түн ортасында Алматы мен Нұр-Сұлтанға карантин енгізілді, қалаға кіру және одан шығу шектелді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: