Тоқаев Путинмен Ресейде қалып кеткен қазақстандықтар мәселесі туралы сөйлесті

ҚР СІМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2020 02:59 ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге сынама-жүйесінің 4 мың жиынтығын бергені үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары шекаралас елдердегі коронавирустың таралуына тосқауыл қою жөніндегі іс-қимылдарға қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлады zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің белсенді байланыстарын атап өтіп, екі елдің атқарушы органдары іс-әрекеттерінің үйлесімділігін күшейтуге байланысты ортақ пікір айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге сынама-жүйесінің 4 мың жиынтығын бергені үшін ризашылығын білдірді. Ресей Президенті өндірістің ұлғаю мүмкіндігіне қарай гуманитарлық көмек ретінде берілетін сынама-жүйесінің жиынтықтар санын арттыра түсетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Ресей арқылы келетін және шекаралық аймақтағы Қазақстан азаматтарының қайтуына ықпал етуді сұрады. Владимир Путин туындаған мәселені шешуге Ресей үкіметі көмектесетінін айтты.

Ресей Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің және Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылдарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесін конституциялық реформалардың табысты жүзеге асырылуымен құттықтап, жалпыұлттық дауыс берудің оң нәтиже беретініне сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: