Бұл дағдарыс алаяқ-бизнесмендердің артын ашты
facebook.com / formulas.kz
Халықты қойшы, олар сонда Президентті алдап келген бе?
Қазақстан жақта қызық болып жатыр, дейді желіде автокөлік саласының журналисі Ибраш Нүсіпбаев.
– Бұл экономикалық дағдарыс әлі басталмай тұрғанда жемқор-шенеуніктеріміз Қазақстан халқының басын қатырып, "Қазақстанда отандық автокөлік өндірушілері" бар, оларды әлемнің көптеген елдеріндегідей экономикалық жағынан қорғау һәм қолдау қажет деп соғып, таза алдап келді. Ал "көлік құрастыратын зауыт" иелері өз зауыттарында локализация деңгейі 50 пайызға (!!!) жетті, деп кеудесін соққан, – деп жазады Нүсіпбаев.
"Жалған автокөлік өндірісі" саласын жағалаған шенеуніктердің бұл дегені – автокөліктердің 50 пайызы Қазақстанда жасалған бөлшектерден құрастырылған дегені еді.
– Осы өтірігін олар ең биік мінберлерден ұялмай соқты. Енді міне, теңге девальвацияға ұшырап еді, "отандық" деп соққан автокөліктерінің құны кемінде 20 пайызға күрт қымбаттап шыға келді. "Құрастыру зауыттарының" иелері "бөлшектер шетелден келеді, доллар 20 пайызға қымбаттағандықтан автокөліктер де 20 пайызға қымбаттады" деп ақталды. Әй, жаңағы 50 пайыз локализацияларың қайда кетті сонда? Сонда шындығында ешқандай да локализация болмаған ғой? Халықты қойшы, олар сонда Президентті алдап келген бе? Ең сорақысы, былтыр, доллар 378 теңге болған кезде құрастырылған автокөліктердің құны неге қымбаттады, – деген сауал тастайды ол.
– Әне, осылайша жемқор-шенеуніктердің көмегімен алаяқ-бизнесмендер Қазақстан халқын жынды қылып келеді. Анықтама бере кетсем, "таза шетелдік" автокөліктердің көпшілігінің құны өзгерген жоқ, өйткені олар теңгенің ескі бағамымен сатып алынған. Осы орайда сұрақ туындайды, Қазақстан халқына құны Жапония немесе Еуропада құрастырылған көліктерден 20%-ға қымбат болатын "отандық автокөлік өндірісі" керек пе өзі, – дейді пост авторы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript