Қазақстанда коронавирустан науқас алғаш рет көз жұмды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2020 02:51 zakon.kz
Дәурен Абаев дәрігерлердің оқшаулану, байланысқа түспеу, карантин мен төтенше жағдайды сақтау туралы барлық талаптары мен нұсқауларын орындау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.

Бүгін, 26 наурызда Қазақстан азаматы коронавирус дертінен көз жұмды, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Өкінішке қарай, бүгін Қазақстан азаматы коронавирустан көз жұмды. Марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Қаза бәріміздің қабырғамызды қайыстырды, - деді Абаев.

Ол ертең Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы оның медициналық көрсеткіші бойынша толық ақпарат беретіндігін қоса айтты.

Бұл оқиға бізге тағы да коронавирустың қауіпті екенін еске салады. Қазір болып жатқанның бәрі бәріміз үшін сынақ. Дәрігерлердің оқшаулану, байланысқа түспеу, карантин мен төтенше жағдайды сақтау туралы барлық талаптары мен нұсқауларын орындау қажет, - деп атап өтті министр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: