Жаңалықтар тізбегі
0

42 500 теңгені кімдер алады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2020 16:20 zakon.kz
Төтенше жағдайда үйінде отырған жұмысшыларға мұндай жәрдем "Кепілді әлеуметтік сақтандыру" қорынан төленеді.

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде ақысыз еңбек демалысына кетуге мәжбүр болған жұмысшылар Үкімет тарапынан әлеуметтік жәрдемақы алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің осыған байланысты бұйрығы шығады.

Әр ай сайын табысынан қағылған тұрғындарға 42 мың 500 теңге көлемінде қаржы беріледі. Аталған көмектен еліміздің 1,5 млн-ға жуық азаматы үмітті. Төтенше жағдайда үйінде отырған жұмысшыларға мұндай жәрдем "Кепілді әлеуметтік сақтандыру" қорынан төленеді. Ал, қаржы алуға мүмкіндігі бар қызметкерлердің тізімін, карантин кезінде, өз жұмысшыларына еңбекақы төлей алмай отырған жұмыс беруші компаниялар жасайды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

"Бұл төлемдер әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленеді. Төлем екі түрлі болады. Бірінші, төтенше жағдайларға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға оның көлемі айына 42 мың теңге. Бұл ұсақ, шағын және орта бизнес қызметкерлері болуы мүмкін. Олар соңғы жылы мемлекеттік қорға 3 рет аударым жасаған болуы қажет".

Ал, екі қолға бір күрек таппай отырғандар, мұндай көмекті бір айдан жарты жылға дейін алуына болады. Жәрдемақымен қамтылатындардың көбі шағын және орта бизнесте еңбек ететін жұмысшылар. Қызметкерлердің кәсіпорынынан не үшін жұмыстан шыққаны маңызды емес. Төленетін жәрдемақы тұрғындар табысының 40%-ын құрайды. Көмекті алуға, "Электронды үкімет" порталы арқылы өтініш беруге болады.

Сондай-ақ, брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, еліміздегі карантин кезінде ең қажетті тауарларды шетке экспорттауға уақытша тыйым салынғанын мәлімдеді. Шектеу қойылған өнімдердің арасына 9 әлеуметтік азық-түлік кіріп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: