Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші адам туралы дерек жарияланды
27 наурызда Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының үшінші жағдайы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қордай ауданының ауруханасына 24 наурызда Қырғыз Республикасынан келген 1996 жылғы тұрғын жатқызылды. Белгіленген әрекеттер алгоритміне сәйкес, қыз карантиндік ауруханаға жатқызылды. Зертханалық зерттеу нәтижелері коронавирус инфекциясын анықтады, делінген коронавирус бойынша ашылған арнайы сайтта.
Қыз жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы және коронавирустың басқа белгілері байқалмайды. Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі.
Онымен байланыста болғандар адамдар карантинге алынды. Олардан талдау алынып жатыр.
Бүгінгі таңда республикамызда коронавирус инфекциясының 120 жағдайы расталды, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 60, Алматыда - 47, Қарағандыда - 4, Шымкентте - 2, Ақмола облысында - 1, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында - 3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 жағдай.