Алматы облысында марқұм науқаспен байланыста болған екі адам карантинге алынды
РСК Алматы
Сонымен қатар, бұл екі адаммен байланысқан тағы бес адам анықталды. Олар да бақылауға алынды.
Алматы облысында коронавирустан қайтыс болған ақмолалық әйелмен байланыста болған екі адам анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Біздің өңірде марқұм әйелмен байланыста болған екі адам бар. Қазір олар оқшауланды. Талдау жүргізілді, кешке нәтижесі шығады, - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жукел.
Сонымен қатар, бұл екі адаммен байланысқан тағы бес адам анықталды. Олар да бақылауға алынды.
Нәтижелері белгілі болғаннан кейін жарияланады.
Бұған дейін коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел 13 және 17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларына қонаққа барғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript