Қызылорда облысында коронавирустың алғашқы фактісі тіркелді: 111 адам бақылауға алынған
pixabay.com
Қызылорда облысының тұрғындарына мүмкіндігінше көшеге сирек шығып, гигиена ережелерін сақтау ескертілді.
Қызылорда облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова онлайн-брифинг барысында аймақтағы коронавирусқа байланысты ахуалды сипаттап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
28 наурыз, сенбі күні таңертең Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының бір жағдайы тіркелді, науқас жұқпалы аурулар ауруханасының оқашауланған палатасына орналастырылды. Эпидемиологтар науқаспен байланыста болған барлық адамды анықтады, қазір олардан COVID-19 бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 111 адам медициналық бақылауға алынған, олардың 87-сі - үй карантинінде, 24-і уақытша ашылған ауруханада карантинде. Коронавирус инфекциясының таралмауы үшін қажетті шаралар, соның ішінде дезинфекция жүргізілуде, - деді ол.
Қызылорда облысының тұрғындарына мүмкіндігінше көшеге сирек шығып, гигиена ережелерін сақтау ескертілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript