Жаңалықтар тізбегі
0

42​ 500 теңге алу өтінішін қарастыру мерзімі 3 күнге дейін қысқартылды

zakon.kz zakon.kz
Әлеуметтік төлемдер Қорынан көмек алуға үмітті азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен зейнет алымдарын төлеп тұрғаны туралы дәлелдеудің еш қажеті жоқ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ТЖ кезінде табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан жаңа әлеуметтік төлемдер тағайындалған азаматтар тізімін ұлғайтты және ол көмекті тағайындау шарттарын жеңілдетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін 42​ 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем белгіленгендердің қатарына азаматтардың жаңа санаты қосылды, олар – жұмыс беруші зейнет алымдарын төлеген, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін және қызмет көрсететіндер. Сондай-ақ, карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес нысандары да көмек алатын болады.

Әлеуметтік көмекті алу процесін жеңілдету мақсатында, табыстан айырылғаны туралы деректі нақтылайтын анықтаманың енді қажеті жоқ деп табылды. Әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыскерлерінің тізімін қоса отырып, өтініш жазса болды.

Сонымен бірге, ЖК, ДК, АҚС, БЖТ бойынша тек жеке деректері көрсетілген арыз-шағым түсіреді. Сондай-ақ, қызметкер мұны жұмыс берушінің істегенін күтпей-ақ арызды өзі түсіруіне де болады. Төтенше жағдайдың енгізілгеніне қарай, табыссыз қалғаны туралы деректердің растығына қатысты жауапкершілік өтініш білдірушінің мойнына артылады. ​

Әлеуметтік төлемдер Қорынан көмек алуға үмітті азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен зейнет алымдарын төлеп тұрғаны туралы дәлелдеудің еш қажеті жоқ. Бұны "Азаматтар үкіметі" мемлекеттік корпорациясы автоматты түрде тексеріп шығады.

Бұдан бөлек, өтініштерді қарастыру және әлеуметтік көмекті тағайындау мерзімі 7 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. ​

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: